KZ
Өскемен
-1°
ясно Штиль
515.03 584.82 6.24

Мамырда қазақстандықтар үш күн қосымша демалады

pixabay.com

15.04.2025, 14:00 202 Төлеуғазы Жансая

2025 жылғы мамыр айында қазақстандықтар үш мерекелік күнге байланысты қосымша демалысқа шығады. Бұл күндер – 1 мамыр, 7 мамыр және 9 мамыр, деп хабарлайды Altaіnews.kz тілшісі eGov.kz мемлекеттік порталына сілтеме жасап.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Биыл мереке бейсенбіге түсіп отыр, сондықтан бұл күні бір күн ғана демалыс беріледі. Ал 2 мамыр, жұма – жұмыс күні.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Бұл күн сәрсенбіге сәйкес келеді және қазақстандықтар демалады. 8 мамыр, бейсенбі – жұмыс күні.

9 мамыр – Жеңіс күні. Ол жұма күніне түсіп отыр, сондықтан бұл күн де ресми демалыс болып саналады. Одан кейінгі сенбі мен жексенбі – 10 және 11 мамыр – әдеттегі демалыс күндері. 12 мамыр, дүйсенбі – жұмыс күні.

Осылайша, мамыр айында ел тұрғындары үш күн – 1, 7 және 9 мамырда қосымша демалады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу