KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 3 м/с, В
510.59 578.91 6.37

1 мамырдан бастап ШҚО-да бірнеше жаңа тұрақты автобус бағыттары іске қосылады

pixabay.com

25.04.2025, 12:30 191 Төлеуғазы Жансая

2025 жылдың 1 мамырынан бастап Шығыс Қазақстан облысында бірқатар жаңа тұрақты автобус маршруттары жолаушыларға қызмет көрсете бастайды. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді,деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Жаңа бағыттардың ашылуы тұрғындардың жол жүру қолжетімділігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Автобустар келесі бағыттар бойынша қатынайтын болады:

Өскемен – Троицкое

    •    Өскеменнен жүру: күн сайын сағат 16:45-те (Мызы көшесіндегі автостанциядан).
    •    Троицкоеден жүру: күн сайын сағат 07:00-де.
    •    Жолақысы: ересектерге – 1 500 теңге, 15 жасқа дейінгі балаларға – 50% жеңілдік.
    •    «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атағын алғандар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерінің иегерлері мен І топ мүгедектері үшін жол жүру – тегін.

Өскемен – Жаңа Қанай

    •    Өскеменнен жүру: күн сайын сағат 12:00 және 16:50-де (Мызы көшесіндегі автостанциядан).
    •    Жаңа Қанайдан жүру: күн сайын сағат 08:20 және 13:20-да.
    •    Жолақысы: ересектерге – 650 теңге, балаларға – 50% жеңілдік.
    •    Әлеуметтік санаттағы азаматтар үшін жол жүру – тегін.

Өскемен – Марқакөл

    •    Өскеменнен жүру: күн сайын сағат 14:30-да (Абай көшесіндегі автовокзалдан).
    •    Марқакөлден жүру: күн сайын сағат 07:00-де.
    •    Жолақысы: ересектерге – 4 500 теңге, балаларға – 50% жеңілдік.
    •    Барлық жеңілдіктер толық сақталады.

Өскемен – Бозанбай

    •    Өскеменнен жүру: 25 сәуірден бастап күн сайын сағат 11:30 және 16:30-да (Абай көшесіндегі автовокзалдан).
    •    Бозанбайдан жүру: сағат 07:30 және 13:30-да (ауыл әкімдігі маңындағы аялдамадан).
    •    Жолақысы: ересектерге – 1 000 теңге, балаларға – 50% жеңілдік.
    •    Көпбалалы аналар мен І топ мүгедектері үшін – тегін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу