Қоғамдық көлік: жыл соңына дейін 15 автобус сатылып алынады – ШҚО
depositphotos.com
2025 жылға қарай «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» және I және II дәрежелі «Ана даңқы» медальдарымен марапатталған көпбалалы аналар үшін ауданаралық және қалааралық маршруттарда тегін жүру мүмкіндігі қарастырылуда.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Әкрамов брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 5 312 балаға тегін жүруді қамтамасыз ету үшін 178,1 миллион теңге бөлінген.
2021 жылдан бері Өскемен мен Риддер қалаларында қоғамдық көлікті жаңарту бағдарламасы жүзеге асуда: 195 автобус пен 26 микроавтобус алынды. «Марат-М» ЖШС 60, «Воска» ЖШС 43, «Рост» ЖШС 50, «Вебас» ЖШС 8, «Бақытжол» ЖШС 5, ал жеке кәсіпкерлер Кривошеев 3, Калиницкий 1 техника сатып алды.
Биыл тағы 15 автобус сатып алу жоспарлануда, 2025 жылы 40 автобус сатып алу көзделіп отыр.
Сондай-ақ Өскемен қаласында электронды билеттеу жүйесі мен «Oskemen bus» қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн бақылау бағдарламасы енгізілді.