Қазақстан мен Вьетнам негізгі салаларда ынтымақтастықты күшейтпек
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Қазақстан мен Вьетнамның іскерлік дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, екіжақты әріптестікті дамытуға бағытталған үш басым бағытты атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ең үлкен әлеует авиация саласында байқалады.
Вице-премьер атаған екінші маңызды бағыт – ауыл шаруашылығы. Қазақстан егістік пен жайылым көлемі бойынша әлемде алтыншы орында тұр және әлемнің үздік он бидай экспорттаушы елінің қатарына енеді. Сонымен қатар ұн экспортынан әлемдік көшбасшылардың бірі.
Үшінші басым бағыт ретінде Ермек Көшербаев цифрландыру мен инновацияны атады. Қазақстан электрондық үкіметтің жаһандық индексінде 24-ші орында тұр және онлайн қызметтердің сапасы бойынша әлемдегі үздік он елдің қатарында.
Сондай-ақ вице-премьер Вьетнамды мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу және технология алмасу салаларында Қазақстанның стратегиялық серіктесі бола алады деп атап өтті.