KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями Штиль
481.19 538.45 5.18

Шығыс Қазақстан әкімі Вьетнам өкілдерімен кездесті

20.05.2024, 09:06 320

Облыс әкімі Ермек Көшербаев вьетнамдық "Sovico Group" холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Нгуен Тхан Хунгпен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Аталмыш холдинг Вьетнамдағы авиация, қаржы, банк, құрылыс және энергетика саласындағы ірі компаниялардың бірі. 

Кездесу өткен жылдың тамыз айында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары кезінде екі ел жасасқан келісімшарт шеңберінде өтті. Қос ел үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі бірлескен жоба-жоспары, сондай-ақ туризм саласына инвестиция тарту жөніндегі комитеттер арасындағы келісім сынды бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылған. 

Қазіргі уақытта" SOVICO Group " "Самұрық-Қазына" АҚ-мен Қазақстанда авиациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша келіссөздер жүргізуде. 

Келіссөздердің негізгі тақырыбы логистика саласындағы ынтымақтастық. Яғни, Шығыс Қазақстанда жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру болды. Тараптар басқа да инвестициялық жобаларға қатысуды талқылады. Өңір басшысы Шығыс Қазақстан ынтымақтастыққа әрқашан әзір екенін, бұл өз кезегінде екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға серпін беретінін атап өтті. 

Шығыс Қазақстан облысында вьетнамдық әріптестердің авиация саласындағы тәжірибесін қарастыру көзделіп отыр. SOVICO-ның жетістіктерінің бірі - Вьетнамдағы авиация саласын трансформациялауда және халықаралық желіні кеңейтуде маңызды рөл атқарған "Vietjet Air" бірінші жеке авиакомпаниясының құрылуы. 

Ағымдағы жылдың маусым айында Вьетнам президенті Ван Тхуонгтың Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив