KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
518.97 607.3 6.64

Қазақстандық спортшы блиц шахматтан Азия чемпионы атанды

12.05.2025, 18:00 296 Гульжан Мусина

18 жастағы алматылық шахматшы Алуа Нұрман Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен блиц шахматтан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Швейцариялық жүйе бойынша өткен жарыста Алуа жеті партияда жеңіске жетіп, бір кездесуде тең ойнады. Тек бір ойында ғана қарсыласына жол берді. Соңғы турда тағы бір отандасымыз Ксения Балабаеваны жеңгенін айта кеткен жөн. Осылайша, 7,5 ұпай жинаған Алуа Азия чемпионы атанды.

Жарыста басқа қазақстандық шахматшылар да жақсы нәтижелер көрсетті. Елназ Қалиахмет 5-орынды иеленсе, Ксения Балабаева 7-орынға, Лия Құрманалиева 10-орынға табан тіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу