Қазақстандық шахматтан әлем чемпионы атанды
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Қазыбек Нөгербек 13 маусымда Делиде (Үндістан) өткен шахматшылар арасындағы 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының ақпаратынша, отандасымыз классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады.
"Қазір Қазыбектің FIDE рейтингі 2501. Еске сала кетейік, Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған",- делінген ведомство ақпаратында.
Биылғы чемпионатта 44 мемлекеттен 226 шахматшы сынға түсіп жатыр.