KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

Өскеменде бұрын сотты болған адам түрмеге тыйым салынған заттар лақтыруға әрекет жасады

15.05.2025, 19:30 840 Гульжан Мусина

Өскемен қаласында №16 түзеу мекемесіне ұялы телефондар мен басқа да тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған күдікті ұсталды. Оқиға кезінде мекеме қызметкерлерімен бірге Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімінің рота командирінің бақылаушылар қызметі жөніндегі орынбасары торауылдау кезінде бүркемелі қоршаудың сыртынан ішке белгісіз заттарды лақтыруға әрекет еткен Ф. есімді азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында бұрын сотты болған ер адамның түзеу мекемесіне SIM картасы бар бірнеше смартфон, зарядтау құрылғылары, тоғыз жұп құлаққап, сондай-ақ дәрі-дәрмек пен жөргектер лақтырмақ болғаны анықталды.

Тыйым салынған заттар жедел тәркіленіп, акті жасалып, құзырлы органдарға тапсырылды. Айта кетейік, күдікті бұған дейін де осы мекемеде жазасын өтеген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу