KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,8 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Түрмеге тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат ұсталды - ШҚО

9.04.2022, 16:51 138

Салдарынан 10 ұялы телефон, 70-ке жуық күмәнді таблеткалар мен алкоголдің иісі бар заттар жазасын өтеушілерге жетпей қалды.

Мекеме қызметкерлері қоршаудан темір тордың арғы жағына орама лақтырмақ болған азаматты ұстады. Ол жазасын өтеушілерге түрмеде қолдануға тыйым салған заттарды ерекше тәсілмен арнайы дайындап әкелгені анықталды.

Ер адамнан 10 ұялы телефон, 10 зарядтау құрылғысы, бес жұп құлаққап, 70-ке жуық таблетка мен өзіне тән иісі бар пластмасса бөтелкелерге құйылған сұйықтық тәркіленді.ШҚО бойынша ҚАЖД-ның ресми өкілі Салтанат Ожиканова

Ұсталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив