KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 4 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да түрмеге көкнәр лақтырмақ болған күдікті ұсталды

Фото: newsru.com

7.02.2024, 15:00 164

Өскемен қаласының №16 түзету мекемесінің белгілі бір аумағын патрульдеу барысында Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің жауынгерлік жасағы тыйым салынған заттарды ішке қарай лақтыруға әрекеттенген В. есімді  азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тексеру барысында  ұсталған азамат салмағы бір келіден жоғары көкнәрді сотталғандарға лақтырмақ болғаны анықталды.

«Тыйым салынған өсімдік тектес жасыл зат жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, ұсталған азамат құзырлы органдарға тапсырылды»,-деп хабарлады «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.


Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив