KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 2 м/с, СБ
512.44 593.15 6.52

Бал мен балықтан – бірлескен зауыттарға дейін: ШҚО-ның агросекторы Қытай нарығына жол ашуда

20.05.2025, 14:00 146 Гульжан Мусина

«Алтай – ортақ үйіміз» форумының екінші күнінде Шығыс Қазақстан облысының аграрлық секторы негізгі талқылау тақырыптарының біріне айналды. Өңір ауыл шаруашылығы, өңдеу және экспорт бағыттарында тұрақты өсім көрсетіп келетіні мәлімделді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгінде облыстағы егістік алқаптарының көлемі 618 мың гектарды құрайды. Бұдан бөлек, қосымша 67 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізуге мүмкіндік бар. Шығыс Қазақстан күнбағыс майы мен бал өндіруден республикада көш бастап тұр, ал балық шаруашылығы бойынша үштікке кіреді.

Өңірдің Қытай нарығына шығуға қатысты жоспары нақты әрекеттермен бекітілуде. Жуырда ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай стандарттарына сай сертификаттайтын зертхана ашылмақ. Бұл экспорт көлемін 5 есеге арттыруға жол ашады.

— Біз агроөнеркәсіптік кешен саласында бірлесіп іске асыруға болатын бірқатар жобаларды ұсынамыз. Атап айтсақ, ет комбинатының, екі құс фабрикасының құрылысы және талқан мен тары өндіретін цех ашу жоспарда бар, — деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов. — Шығыс Қазақстан конструктивті диалог пен өзара тиімді әріптестікке ашық. Біздің аграрлық әлеуетіміз қытайлық әріптестер үшін қызығушылық тудырады деп сенемін.

Сонымен қатар форумда орман қорын пайдалану әлеуеті де таныстырылды. Ағаш қоры 123 млн текше метрді құрайтын 2,2 млн гектар орман алқабы бар. Ал бекітілген су айдындарында жылына 10 мың тоннаға дейін албырт және тұқы тұқымдас балық өсіруге мүмкіндік бар екені айтылды.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу