KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу: Қазақстандағы өсу мен даму

Фото: ҚР АШМ

8.11.2024, 11:30 90 Гульжан Мусина

Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған шаралар қабылдауда. Бұл туралы АШМ агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде айтты, - деп хабарлайды  Altainews.kz  ҚР АШМ сілтеме жасап. 

Спикер ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудегі мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл сайын тұрақты өсім байқалатынын тоқталды. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісі саласында 2,1% өсім тіркеліп, өндіріс көлемі 3,1 трлн теңгеге жетті. АӨК экспорты 5,3 млрд АҚШ долларын құрап, өңделген өнім үлесі 43%-ға дейін өсіп, 2,2 млрд АҚШ долларын құрады.

Назгүл Хатепова саладағы дамудың негізгі үш бағыты ретінде инвестициялық субсидиялар, шикізат субсидиялары және салықтық жеңілдіктерді атады. 2023 жылы тамақ өнімдерін өндірудің негізгі капиталына салынған инвестициялар 156 млрд теңгені құрап, 11% артты. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, жалпы инвестиция көлемі 118,8 млрд теңгеге жетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу