KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
495.1 583.72 6.46

«Ұстаз еңбегін сыйлықпен емес, құрметпен бағалау мәдениеті болуға тиіс» - ШҚО 

Фото: Altainews.kz

27.05.2025, 16:00 274 Айна Бакимбаева

Жыл сайын мектеп бітіру маусымында ата-аналар тарапынан жиі көтерілетін тағы бір мәселе – ұстаздарға сыйлық беру жайы. Облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева бұл мәселеге қатысты нақты ұстаным білдірді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі

— Бірнеше жылдан бері ұстаздарға сыйлыққа қаражат жинауға тыйым салынған. Егер мұндай жағдайлар орын алса, олар жеке тәртіппен қарастырылады. Қазір мектептерде ресми түрде «ата-аналар комитеті» деген ұғым жоқ. Оның орнына заңды негізде тіркелген Қамқоршылық кеңесі жұмыс істейді, – деді ол.

Егер ата-аналар мектепке көмек көрсеткісі келсе, демеушілік есепшот арқылы қаржы аудара алады. Бұл қаражат мектептің нақты қажеттіліктеріне – компьютер сатып алу, жөндеу жұмыстары немесе басқа да қажеттіліктерге бағытталады. Бірақ кез келген қолдау – тек ерікті түрде жасалуы тиіс.

— Әр сыныпта «ұстазға сыйлық жасайық» деген ұсыныс айтатын белсенді ата-аналар кездесіп жатады. Алайда бұл заңға қайшы әрекет екенін ұмытпау керек. Егер ата-аналарда нақты ұсыныс болса, ол Қамқоршылық кеңесі арқылы талқыланып, мектеп әкімшілігімен бірлесіп шешіледі, – деп нақтылады Чернышева.

Ұстаз еңбегі бағалауға лайық. Бірақ оны материалдық сыймен емес, құрметпен, алғыспен, таза ниетпен білдіру – бүгінгі қоғамға қажет басты мәдениет.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу