Мектеп бітіру кешін өткізуге тыйым салынбайды – ШҚО
ШҚО-да әзірге мектеп бітіру кешін өткізу үшін ешқандай тыйым салынбаған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі биыл мектеп бітіру кештеріне тыйым салу туралы ешқандай нұсқаулық жібермеген. Тек аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі 20-22 маусым аралығында мектеп қабырғасында өту керектігі туралы айтылған.
Осы ретте айта кету керек, мектеп ұжымы мен ата-аналар комитеті бірігіп мектеп бітіру кешін басқа жерде өткізуге шешім қабылдаса, оған ешқандай тыйым салынбайды.
Сондай-ақ ол түлектерді бітіру кештерін қарапайым түрде атап өтуге шақырды.