1-4 сынып оқушылары қыркүйектен бастап мектепке бара алады
Пандемияға байланысты 2020-2021 оқу жылы қашықтан білім беру режімі басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Алайда бір сыныпта білім алушылар саны 15 баладан аспауы тиіс, деп хабарлайды zakon.kz сайты.
Педкеңес барысында педагогтерге оқыту ережелері мен кезекші сыныптарда санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Оқушылар мен педагогтердің температурасы күнде өлшеніп, дене қызуы нормадан жоғары болған жағдайда және ауру белгілері анықталса, педагогтер жұмысқа кіріспейді, ал оқушылар үйлеріне қайтарады.
"Егер ата-аналар немесе балалардың заңды өкілдері ниет білдіріп, өтініш жазса, ал мектеп санитарлық нормаларды қатаң сақтауға дайын болса, бастауыш сынып оқушылары мектеп қабырғасында оқи алады. Мектептерде жоғары сынып оқушыларының кабинеттері бос болғандықтан, бұл кабинеттерді де бастауыш сыныптарды оқытуды ұйымдастыру үшін пайдалануға болады. Ата-аналардың өтініштерін сынып жетекшілері қолжетімді байланыс құралдары арқылы онлайн-форматта қабылдайды. Мектеп формасына қатысты: жалпы формаға қойылатын талаптар жойылмайды, бірақ уақытша өзгерістер енгізілді, соған байланысты биыл ата-аналар баланы мектеп формасында немесе басқа да ыңғайлы киіммен жіберу туралы шешімді өзі қабылдайды", – деп атап өтті БҒМ баспасөз қызметі.