KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Антикор: Білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салынады – ШҚО

Фото: gov.kz

22.05.2023, 16:38 411

Оқу жылының аяқталуына орай ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мектептерде ата-аналармен жүйелі кездесу өткізіп жатыр. Бітіру кештеріне орайластырылған кездесулер аталған мекемелерде ақша жинаудың алдын алуға бағытталған.

Дерекке сәйкес, қазіргі уақыттың өзінде арнайы желі арқылы ата-аналар ақша жинау деректерін мәлімдеп, шағымданған көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруда білім берудің маңызы айтулы. Тұжырымдамаға сәйкес, балаға мектепке дейінгі кезеңнен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берілуі керек.

Осы мақсатта 2018 жылдан бастап «Adal urpaq» жобасы іске асырылып жатыр. Мәліметке сәйкес, істеліп жатқан әрекеттерге қарамастан білім беру саласы әлі де сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың қатарында.

Дерекке сүйенсек, 1424 орталығы арқылы ата-аналардан шағымдар келіп түскен. Хабарласқандар мектеп бітіру кешін өткізу және мұғалімдерге сыйлық сыйлау үшін ақша жиналып жатқандығын мәлімдеген. Ақша жинау ата-аналар комитеті арқылы жүзеге асады. Келіп түскен өтініштер қаралып, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жиналған қаржы қайтарылған.

  "Осыған орай, Антикор ҚР Білім туралы Заңының 63-бабына сәйкес, мемлекеттік білім беру мекемелері мен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарына оқушылардан, ата-аналар мен педагогтардан ақша алуға тыйым салынатындығын ескертеді", делінген департамент хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив