Өскеменде 46 мектеп жанында жазғы лагерьлер жұмыс істеп тұр (видео)
Өскемен қаласындағы 49 мемлекеттік мектептің 46-сында мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Лагерьлерде қазіргі уақытта 2578 оқушы демалып, тынығуда. Балалар түрлі танымдық және тәрбиелік шараларға қатысып, қала мен қала сыртындағы тарихи әрі мәдени орындарға саяхаттап жүр. Қалалық білім бөлімі биылғы жазғы маусымның ерекше мазмұнда өтіп жатқанын мәлімдеді.
Мәселен, №46 мектеп жанындағы «Балаland» танымдық-сауықтыру лагерінде демалып жатқан бүлдіршіндер әр күнін қуаныш пен қызыққа толтырып өткізуде. Қазір бұл лагерьде 100 бала тынығып жатыр, оның 70-і әлеуметтік осал топтан шыққан, олар тегін тамақпен қамтылған. Қалған балалар үшін он күндік демалыс құны – 15 мың теңге (тамақтану ақысы).
Балалар жаңа достар тауып, әр күні жаңаша әсер алып жүргендеріне дән риза.
Мектеп мұғалімі Арайлым Жандарбекқызының айтуынша, жазғы лагерь ата-аналар үшін де үлкен көмек.
Фото: Екатерина Семина











