KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, В
520.93 609.07 6.68

ATR ұшақтары Зайсан мен Катонқарағай бағытына қызмет көрсетуі мүмкін

17.06.2025, 11:40 103 Гульжан Мусина

Қазақстан өңірлік әуе қатынасын жақсартып, шалғайдағы елді мекендерге қолжетімділікті арттыруға кірісті. Қазіргі таңда Зайсан, Катонқарағай және Маңғыстау облысындағы Кендірлі кентінде үш жаңа әуежайдың құрылысы жүріп жатыр. Осы бағыттарға жаңа ұшақтармен рейстер ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Парижде өткен халықаралық авиациялық жиында Қазақстан Көлік министрлігінің өкілдері ATR компаниясымен кездесті. Бұл – Франция мен Италия бірігіп құрған, әлемге танымал ұшақ өндіруші компания. Кездесуде заманауи, отын үнемдейтін, экологияға зияны аз турбовинтті ұшақтарды сатып алу мүмкіндігі талқыланды. Бұл ұшақтар қысқа қашықтықтарға тиімді және шағын әуежайларға қона алады. Сондықтан да олар Зайсан, Катонқарағай мен Кендірлі секілді бағыттарға өте ыңғайлы.

Сондай-ақ, мамандар жаңа ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, әуе мамандарын оқытуды және тұрақты дамуға бағытталған экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу мәселесін көтерді.

Жалпы алғанда, еліміз шалғайдағы аймақтарға әуе қатынасын орнатып, өңірлердің дамуына жаңа серпін беруді көздеп отыр.

Фото: Көлік министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу