KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, С
499.76 521.7 5.63

Кендірлі, Зайсан, Қатонқарағайда әуежайлар құрылысы биыл аяқталады

istockphoto.com

19.02.2025, 11:30 456 Төлеуғазы Жансая

Биыл Кендірлі, Зайсан және Қатонқарағай курорттық аймақтарында жаңа әуежайлардың құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.

Үкімет отырысында шағын әуежайларға ұшу үшін пайдалануға болатын шағын авиацияны дамыту мәселесі қаралды. Премьер-министр авиация саласы туризмді дамытудың маңызды факторы саналатынына тоқталды.

«Кендірлі, Зайсан және Қатонқарағай курорттық аймақтары айқындалды. Онда жаңа әуежайлардың құрылыс жұмыстары жақында басталады және биыл аяқталуға тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

 Премьер-министр көлік министрлігіне шағын авиацияны дамыту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу