KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

Күршімде 40 шақырымға жуық суару каналы тазартылды

1.07.2025, 09:30 220 Айдос Мырзахметов

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында суару жүйелерін жақсартуға бағытталған ірі жұмыс атқарылды. «Қазсушар» РМК ШҚО филиалына қарасты Күршім өндірістік учаскесі жаңа техниканың көмегімен 40 шақырымға жуық суару каналының арнасын тазартып шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған жұмыстар аудандағы ауыл шаруашылығы алқаптарына су жеткізуді жақсартып, егістіктің өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Су арналарының бітеліп қалуы немесе лаймен толып қалуы көбіне судың ысырап болуына әкелетін еді. Сондықтан каналдарды механикалық әдіспен тазартып отыру - су үнемдеудің ең тиімді жолдарының бірі саналады.

Мекеме өкілдерінің айтуынша, бұл жұмыс мұнымен шектелмейді. Жақын күндері тағы 11 шақырым арнаны тазарту жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда Күршім өндірістік учаскесі жалпы көлемі 351 гектар болатын дәнді дақыл алқаптары мен 10 гектар күнбағыс егістігін сумен қамтып отыр.

Мамандардың айтуынша, су жеткізуді жүйелі түрде жүргізу үшін канал арналарын тазалау - агроөндіріс саласындағы ең маңызды міндеттердің бірі. Бұл су ресурстарын үнемдеуге, сондай-ақ егістікті уақытылы және жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу