ШҚО-да 28 елді мекенде тасқынның алдын алды
ШҚО ТЖД
«Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы 37 мыңнан астам тұрғыны бар 28 елді мекенді су басу қаупінің алдын алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Бүгінгі таңда еліміздің оңтүстігі мен батысында суару маусымына қарқынды дайындық жүріп жатыр. Мөлдір Әбдуалиеваның айтуынша, министрлік ауылшаруашылық алқаптарына су беруді жақсарту үшін алты аймақта суару арналарын тазартады.
Атап айтқанда, Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының суару желілері, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарындағы суару арналары тазартылып жатыр.