ШҚО-да «Қаратоған» каналының 4 шақырымы тазартылды

Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі
Шығыс Қазақстанда Кендірлік суару жүйесіне қарасты каналдар арнасы тазартылып, 100-ден астам шаруа қожалығын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, «Қазсушар» РМК ШҚО филиалы Кендірлік суару жүйесіне кіретін «Қаратоған» магистралды каналының 4,2 шақырымында механикалық тазарту жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, Кендірлік жүйесі – ШҚО-дағы ауыл шаруашылығы үшін маңызды су көзі. Су арналарының уақытылы тазалануы өнімділікті арттырып, фермерлер үшін тұрақты су ресурсына қол жеткізуге жол ашады.
Елизавета Седых