KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
505.53 593.44 6.34

Пойызға кешіксеңіз не істеу керек?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ

5.08.2025, 14:00 238 Төлеуғазы Жансая

Пойызға кешігіп қалу — жолаушылар жиі тап болатын жағымсыз жағдайлардың бірі. «Жолаушылар тасымалы» АҚ осындай сәтте не істеу керек екенін еске салды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Егер жолаушы пойызға үлгермей қалса, ең алдымен вокзалдағы билет кассасына барып, жағдайды кассирге хабарлау керек.

Билеттің толық құнын қайтару мүмкін болмаса да, оның бір бөлігін қайтарып алуға болады. Бірақ бұл үшін жолаушы поезд жөнелтілген сәттен бастап 1 сағаттың ішінде өтініш беруі тиіс. Әйтпесе, билет күші жойылып, қайтарым жасалмайды.

Қайтару рәсімі үшін жолаушы жеке куәлігі мен билетті көрсетуі қажет. Кассир тиісті құжаттарды рәсімдеп, қажет болса, келесі пойызға балама билеттерді ұсынуы мүмкін.

Билет құнын қайтару көлемі мен мерзімі теміржол арқылы жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға вокзалға алдын ала, ертерек келуді ұсынады. Бұл — күтпеген жағдайлардан сақтанудың ең тиімді жолы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу