Пойызға кешіксең, билет құнын қайтаруға бола ма?
Фото: webinfo.kz
Пойызға кешігіп қалсаңыз, не істеу керек? Билет құнын қайтаруға мүмкіндік бар ма? "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі осы сауалдарға жауап берді.
"Жолаушылар тасымалы" өз қызметін жүзеге асыру барысында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелерін басшылыққа алатыны белгілі, - деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Tengritravel.kz –ге сілтеме жасап.
Пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) өткізген кезде жолаушыға билеттің төмендегідей құны қайтарылады:
- пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей өткізілсе, жол жүру билетінің толық құны қайтарылады;
- 24 сағаттан аз уақыт ішінде, бірақ пойыз жөнелтілгенге дейін 6 сағаттан кешіктірмей өткізілсе, билет құнының 50 пайызы қайтарылады.
Егер жолаушы пойызға кешігіп қалса, бірақ кешіккеніне бір сағат өтпесе қалай әрекет ету керек?
Ал егер жолаушы пойызға бір сағаттан артық кешігіп келсе? Өкінішке қарай, бұл жағдайда билет құны қайтарылмайды.
"Пойыз жөнелтілгеннен кейін бір сағат өткен соң жол жүру құжаттары жарамсыз болып қалады. Сәйкесінше, билет құны да қайтарылмайды", - деп ескертті ҚТЖ.
Сондай-ақ кей кезде жолаушы пойыздың жүретін даталарын шатастырып алады. Мәселен, егер жөнелту уақыты 28 қаңтар сағат 00:10 деп белгіленсе, жолаушы вокзалға 29 қаңтарда келіп тұрады. Мұндай жағдайларда не істеу керек? Ақша қайтарыла ма?