KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег Штиль
523.86 544.34 5.11

Пойызда немесе вокзалда затыңызды ұмытсаңыз, не істеу керек?

pexels.com

14.09.2024, 22:00 125 Назерке Каримова

Жолаушылар пойызда жеке заттарын жоғалтып алатын немесе ұмытып кетіп жататын жағдайлар жиі кездеседі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мұндай жағдайда қалай әрекет ету керек және жоғалған заттарды қайтару үшін қайда жүгіну қажет екенін еске салады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Егер пойыздан шыққаннан кейін вагонда заттарыңызды ұмытып кеткеніңізді анықталса, келесі нұсқаулықты орындау қажет:

1) Егер пойыз әлі станцияда болса және оның жөнелтілуіне 10-40 минут уақыт қалса, жолаушы ұмыт қалған заттарын пойыз бригадасының қызметкерлерінен алып кете алады.

2) Егер пойыз кетіп қалған болса, жолаушы ресми @jolaushylar_tasymaly Instagram-аккаунтына немесе WhatsApp нөміріне +7 776 714 5686 арқылы жүгініп, жедел жауап ала алады.

3) Жолаушы сондай-ақ вокзалдың кезекшісіне барып, вагон нөмірін, орны мен ұмыт қалған заттардың сипаттамасын көрсетіп, вокзал бастығының атына өтініш жазып қалдыра алады. Қажет болған жағдайда заттарды өзіне жіберу туралы өтініш жазуға болады.

4) Егер жолсерік ұмытылған заттарды тапса, олар пойыз бастығына беріліп, қалыптастыру пунктіне жөнелтіледі. Заттар вокзалда сақталады және иесіне жеке куәлігін тексергеннен кейін беріледі.

5) Заттарын алған кезде жолаушы барлық шығындарды (сақтау, орау, тасымалдау) төлеу қажет.

Жолаушылар тегін «1433» нөмірі арқылы ақпарат ала алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу