KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

ШҚО-да мұнай-газ саласының үздік қызметкерлері марапатталды

15.09.2025, 13:35 3 376 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында мұнай-газ кешені қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтті. Мереке ресми түрде 7 қыркүйекте аталып өтеді. Алайда вахталық жұмыс кестесіне байланысты мұнай-газ саласының мамандарын арнайы күтіп, лайықты марапаттарын табыстау шешімі қабылданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөзінде мұнай-газ саласы өкілдерінің еңбегінің ерекше маңызын атап өтті. Мамандардың жұмысы өңірдің энергетикалық әлеуетін дамытып, экономиканы нығайтуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.

– Мұнай-газ саласы мамандарының күнделікті еңбегі жанкештілікті, тәртіп пен жоғары кәсібилікті талап етеді. Сіздердің мамандыққа адалдықтарыңыз – елдің тұрақтылығы мен әл-ауқатының берік негізі, – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ әкім «QAZAQGAZ AIMAQ» өндірістік филиалының жұмысына ерекше алғыс білдірді. Компания Зайсан ауданындағы он елді мекенді тұрақты газбен қамтамасыз етіп отыр. Іс-шара барысында саланың үздік өкілдері марапатталды. Облыс әкімінің алғыс хатымен:

  • Аслан Қуанбекұлы — жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесары;
  • Серікбек Қызыр — электрогазбен дәнекерлеуші;
  • Дулат Болатұлы Садуақасов — апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары.

KAZENERGY қауымдастығының Құрмет грамотасы газбен жабдықтау және сату қызметінің маманы Елдос Сайлаубекұлына табысталса, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Құрмет грамотасы электрогазбен дәнекерлеуші Ерасыл Бақытханұлына берілді. Сондай-ақ «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Бас директорының Құрмет грамотасымен кәсіпорын жүргізушісі Еркін Иманов марапатталды.

Фото: ШҚО әкімдігі баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу