Елімізде «Участок» шарасы өтіп жатыр – ШҚО-дағы нәтижелер
1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Қазақстан бойынша «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл жұмысқа мыңдаған полиция қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің мамандары мен қоғам белсенділері жұмылдырылған.
Шығыс Қазақстан облысында ғана 560-тан астам қызметкер атсалысып жатыр.
Алғашқы екі аптада өңірде 75 мыңнан астам пәтер мен үй, 4 мыңнан аса саяжай тексерілген. 603 жалдамалы пәтер қаралып, тағы 47 пәтер есепке қойылды. 720 қожалық пен қыстақ тексеріліп, 809 рейд жүргізілген. Сондай-ақ 59 қаңғыбас анықталды.
Миграциялық қызмет 89 заңбұзушылықты тіркеді. 1900 қару иесі тексеріліп, олардың 20-сы сақтау ережелері мен тіркеу мерзімін бұзғаны белгілі болды. Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы ШҚО бойынша 3 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Наргиз Еркінбекова
Фото: Александр Шушеньков