KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 6 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Шығыста «Учаске» іс-шарасы басталды

9.09.2020, 10:27 117

7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Учаске» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтеді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінен хабарлайды.

«Аталмыш іс-шараның мақсаты – учаскелік аумақтардағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ тұрғындармен сенімді қарым-қатынас орнату» делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне тиесілі аумақтардағы көпқабатты үйлердің пәтерлері мен жеке сектор үйлерін аралап, онда тұрып жатқан азаматтар туралы мәлімет жинайтын болады.

Мәселен, биылғы «Учаскенің» алғашқы күнінде полиция қызметкерлері үш мыңға жуық пәтер мен 3 500-ден астам жеке сектор үйін, 61 мың саяжайды тексеріп үлгерген. Нәтижесінде бірқатар құқықбұзушылық анықталған. Атап айтсақ, жалға берілетін 147 пәтердің төртеуі салық органдарында тіркелмегені белгілі болған.

Сондай-ақ іс-шара аясында ішкі істер органдарының есебінде тұрған бір мыңнан астам адам тексерілгенін айтқан жөн.

– Бұл жолы әсіресе азаматтық атыс қаруы иелерінің мәселесіне ерекше мән берілуде. Биылғы «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында аталмыш санаттағы 236 адам тексеріліп, оның үшеуінің қаруды сақтау ережелерін сақтамағаны, тағы екеуінің қаруды тіркеу мерзімінің ережелерін бұзғаны анықталған, – деп мәлім етті облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сағат Мәдиев.

Бұған қоса іс-шара кезінде ішкі істер органдарына түрлі құқықбұзушылықпен 21 жасөспірім жеткізілгені де белгілі болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив