Тіркелмеген 200-ден астам жалдамалы пәтер анықталды – ШҚО
Өңір аумағында 1 қазаннан бастап жергілікті полиция қызметінің, көші-қон және криминалдық полицияның күштері тартылған жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жедел-профилактикалық іс-шараның басты мақсаты - заңсыз көші-қонның, құқық бұзшылықтардың жолн кесу. .
Полиция қызметкерлері 176 290 тұрғын үй массивін, оның ішінде 97 858 пәтерді, 62 916 жеке үйді және 15 516 саяжай үйін аралап, 1 469 шаруа қожалығын тексерген.
- 1 165 жалдамалы пәтер тексерілді, оның барысында мемлекеттік кіріс органдарында тіркелмеген және салық төлемеген 228 жалдамалы пәтер анықталды. ҚР Көші - қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 317 шетелдік азамат анықталды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 312 ТМД және 5 алыс шетел азаматтары бар, - деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Думан Қожахметов.
Жедел-профилактикалық іс-шара 1 қарашаға дейін жалғасады.