Өскеменде ауа сапасы нашарлауы мүмкін
altainews.kz
ШҚО Экология департаментінің хабарлауынша, 16 қыркүйек күні сағат 20:00-ден 17 қыркүйек күні сағат 08:00-ге дейін Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осыған байланысты 2-дәрежелі ескерту жарияланды.
ҚМЖ кезінде ауада зиянды қоспалардың таралуы шектеліп, олардың шоғырлану қаупі артады. Мамандар қала тұрғындарына сақтық шараларын сақтауды ескертеді.
Оқи отырыңыз