KZ
Өскемен
-12°
пасмурно Штиль
515.02 604.22 6.5

Зілтемір додасы: Өскеменде ашық чемпионат өз мәресіне жетті

14.12.2025, 09:00 159 Серік Құсанбаев

Өскеменде ауыр атлетикадан Өскемен қаласының ашық чемпионаты өз мәресіне жетті. Дәстүрлі дода еліміздің Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып, жасөспірім зілтеміршілер үшін үлкен сын алаңына айналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жарыс барысында спортшылар өздерінің физикалық дайындығы мен техникалық шеберлігін ортаға салып, әр салмақ дәрежесінде тартысты бәсеке көрсетті. Чемпионатқа облыс аудандарынан, қала спорт мектептерінен және көршілес өңірлерден келген жас атлеттер қатысты. Сайысқа тәжірибелі, облыс пен республика көлемінде танымал зілтеміршілерден құралған төрешілер алқасы әділ қазылық етті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер

33 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Санжар Қайратқа
II орын – Александр Нестратов
III орын – Платон Шапарев
37 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Бекарыс Кисенбаев
II орын – Әлем Мадиұлы
III орын – Илья Максимов
41 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Рустам Нуркежанов
II орын – Салауат Урманбек
III орын – Арсений Кардаш
45 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Жомарт Муратұлы
II орын – Алмас Камзин
III орын – Ерсұлтан Серікбек
49 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Кирилл Черепанов
II орын – Захар Колесников
III орын – Кирилл Багин
56 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Руслан Левин
II орын – Дмитрий Девяткин
III орын – Рустам Жұмағалиев
60 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Сағадат Берлкан
II орын – Максим Кривицкий
III орын – Владислав Строй
65 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Антон Зубов
II орын – Радмир Қадырұлы
III орын – Данияс Әмірбеков
71 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Михаил Зубов
II орын – Елжан Заружан
III орын – Тахир Галиев
79 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Қалқын Ақметбай
II орын – Станислав Кучмиев
III орын – Қанағат Урманбек
(Абай облысы, Курчатов қаласы)
88 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Бекнұр Мұратжанұлы
II орын – Даниил Скащенко
III орын – Ильгар Гашимов
94 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Никита Здориков
II орын – Захар Ларионов
III орын – Олег Александров
110 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Диас Нұраш
II орын – Богдан Евтушенко
III орын – Никита Остапенко
+110 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Жалғас Дауренұлы

Қыздар арасындағы нәтижелер
48 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Валерия Зырянова
II орын – Алиса Тамачкина
III орын – Руслана Сергазинова
53 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Мария Кузьмина
II орын – Алина Старкова
III орын – Дарья Килмаша
58 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Евгения Галямова
II орын – Виктория Зырянова
III орын – Милана Алищенко
77 кг салмақ дәрежесі:
I орын – Наргиза Шегелекова
II орын – Анна Шпольвинд
III орын – Регина Криволпова

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ашық чемпионаттар жас спортшылардың тәжірибе жинауына, спорттық шеберлігін шыңдауға және болашақта республикалық әрі халықаралық жарыстарға жолдама алуына зор мүмкіндік береді.
Ауыр атлетикадан өткен бұл чемпионат Өскемен қаласында аталған спорт түрінің қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте айқындап, жас зілтеміршілердің болашағынан үлкен үміт күттіретінін көрсетті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу