KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Жүлденің бәрін Жарманың спортшылары алып кетті

4.02.2020, 09:23 122

2020 жылдың 1-3 ақпан күндері Өскемен қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ерлер және әйелдер арасында пара армрестлингтен ШҚО чемпионаты өтті.

Аталған спорттық шараға қатысқан Жарма ауданының спортшылары аудан намысын қорғап, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтатын болсақ:

Тірек қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында:

1) Примак Зарина абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша І орын

2) Бейсенбаев Қуандық 60 келі салмақ дәрежесі бойынша І орын

3) Мусатаев Жекебай абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша оң қолмен І орын

4) Масалим Шәмшіхан абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша оң және сол қолмен І орын

5) Алдабергенов Медет абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша оң және сол қолмен ІІІ орын

6) Ксанов Ермұрат оң қолмен ІІІ орын

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында:

Садыкова Советжан абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша оң және сол қолмен ІІІ орын

Спорт – салауатты өмір салты ғана емес, спорт – адамның қайратын ұштай түседі, жігерін арттырады, төзімділікке баулиды. Бүгінгі жеңіс – ертеңгі тарих. Жарманың жасампаз спортшылары әлі талай бәсекелерде аудан даңқын асырары анық!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив