ШҚО әкімі өңірдегі православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі барша православтарды Рождество мерекесімен құттықтады. Аймақ басшысы түрлі ұлт пен дін өкілдерін тоғыстырған Кенді Алтай өлкесінің бүгінде бірлігі беделіне айналғанын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz.
«Құрметті шығысқазақстандықтар!
Бүгін православ христиандары Рождество Христово мерекесін атап өтуде. Бұл мейрам төзімділік және ізгілік сезімдерін сыйлайды. Өңірімізде түрлі ұлт пен дін өкілдері тату өмір сүріп келеді. Барлық азаматтардың діни сеніміне құрметпен қарау — бірлігіміздің негізі.
Рождество — келісім, үйлесім және өзара түсіністік мерекесі. Осы жарқын күнде баршаңызға амандық, бейбітшілік, бақыт пен береке тілеймін. Жарқын Рождество мерекесі әр үйге жылулық, қуаныш пен татулық әкелсін!» – деп атап өтті ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.