Ақын Жандарбек Бұлғақов «Айтыс» жобасын сынға алды

Белгілі айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов «Хабар» телеарнасының «Ұйқым келмейді» ток-шоуында «Айтыс» жобасының эфирге таратылу форматын сынға алды.
Әлеуметтік желіде саяси сатира өлеңдерімен танымал «ЖанДауСыр» триосының мүшесі, белгілі айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов айтыстың болашағына алаңдайтынын жасырмады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Жандарбек Бұлғақовтың айтуынша, бұрынғы кездері эфирдегі телеарналар санының санаулы болуы ақындарға тез танымал болуға мүмкіндік берген. Қазіргі таңда өсіп келе жатқан жас ақындардың атын шығару қиын болып тұр. Бүгінде эфирде кем дегенде 80-нен астам телеарна бар. Оларда шоудың түр-түрі көрсетіледі. Соған байланысты айтыстың да форматын заманауиландыру керек. Мықты маркетолог мамандарды тарту қажет.