KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Өскемендіктер жазғы демалыстарын қалай, қайда өткізбек? - тұрғындар жауабы

1.06.2021, 18:18 286

Демалыс - кейбір адамдар үшін табиғат аясына отбасымен көкке шығу, енді бірі үшін шетелге барып, саяхаттау. Дегенмен әлемдік пандемия біраз адамдардың жоспарын өзгертуде. Оның ішінде ішкі туризмді дамытып, ел ішінде демалуды жөн көреді. Сонымен Өскемен тұрғындары мен қала қонақтары жазғы демалыстарын қайда және қалай өткізеді екен? Тұрғындардан сұрап білдік. 

Махаббат,24 жаста,қала тұрғыны:

- Мен осы жазғы демалыста өзіміздегі Бұқтырма су қоймасындағы демалыс базаларында демалуды жоспарлап отырмын. Шығыс Қазақстанның табиғаты өзіме қатты ұнайды, сондықтан, басқа қалаға шығу немесе шетелге демалысқа бару алдымдағы жазға жоспарым емес

Махаббат

Марат,40 жаста,қала тұрғыны:

- Жазда Баянауыл ауылына барып бой жазып, демалып келу жоспарымда. Ол жақтың табиғатын теледидардан көріп,тамсанған болатынмын. Осы жазды сонда өткіземін деген ойдамын.

Марат

Бауыржан,41 жаста,қала тұрғыны:

- Жазда отбасыммен Алакөлге барып демалғым келіп жүр .Жалпы, ойымда бар дегенім ғой. Мүмкін болса осы жазда барып қаламыз-ау деп жұбайыммен ойланып жүрміз. 

Жауқазын,21 жаста,қала тұрғыны:

-  Шілде айында күйеуіммен “Золотая Песчанка” демалыс базасына барайын деп дайындалып жатырмыз. Күнде жұмыстан қолымыз босамайды, бірақ, осы демалысты нақты жоспарлаудамыз. Ерекше өткіземіз деген сенімдеміз.

Жауқазын

 Виктория, 21 жас,қала тұрғыны:

- Жазда мен Бұқтырмадағы демалыс базаларына барғым келеді. Өзім супермаркетте жұмыс істеймін күні бойы, сол үшін жақсылап бір демалу жетпей жүр десем болады. Жігітіммен, отбасыммен және ең жақын достарыммен демалуды жоспарлап отырмын. Ұмытылмас демалыс күтіп тұр деп ойлаймын. 

Материалды дайындаған: Қыдырбаева Самал Алдиярқызы
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың журналистика мамандығы, 1 курс студенті

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу