KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Жақсылық Омар жыл көлемінде жөнделетін тағы бірнеше көшені атады

11.03.2021, 16:16 380
Биыл Пограничный көшесі Назарбаев даңғылынан Целинный көшесіне дейін кеңейтіледі. Бұл туралы тұрғындармен кездескен қала әкімі Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

2021 жылы Карбышев көшесі де кеңейтіледі. Виноградовтан бастап Гагарин бульваріне дейін. Ал бульварда және Мостовая көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

– Сондай-ақ Морская, Курчатов және Прямая көшелеріне қиыршық тас төселеді. Осының бәрі жыл көлемінде атқарылуы тиіс жұмыстар. Сөзсіз, жоспар әлі де толықтырылады, – деді Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив