KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Есенберлин көшесіндегі үйдің тұрғындары ауыз суды дүкеннен сатып алып ішіп отыр

3.02.2021, 14:49 190

Есенберлин көшесіндегі 31/2-ші үйдің тұрғындары ауыз суды дүкеннен сатып алып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, краннан келетін судан таттың дәмі шығады. Сол себепті дүкеннен алуға мәжбүр. Оған қоса пәтердегі электр сымдарында ақау бар.

– Қыл аяғы розеткаға электр шайнекті қоса алмай отырмыз. Тоқ соғады, кейді сымдар атып кетеді. Телефонды қуаттай алмай отырғандықтан, интернет жоқ деп шағымданудың өзі біртүрлі екен, – дейді жаңа үйге қоныстанғандар.

19-шы шағын ауданның тұрғындары осы мәселенің барлығын қала әкімінің есептік кездесуінде көтерді.

Ал шаһар басшысы сенбі күні аталған мекенжайға жауапты мамандарды жіберетінін айтты.

– Сенбіде менің орынбасарым «Водоканалдың», «Қазтелекомның», құрылыстың басшысын және өзге де жауапты қызметкерлерді ертіп 31/2-ші үйге барады. Оларға барлық мәселені сіздермен бетпе-бет тұрып талқылап, реттеуді тапсырамын, – деді әкім Жақсылық Омар.


Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу