Тұрақтандыру қоры тізіміне қандай азық-түлік түрлері кіреді?
Өскеменде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке мониторинг жасап, бағалардың тұрақтылығын қадағалайтын арнайы штаб белсенді жұмыс атқаруда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қалалық штаб бұл жолы Қазақстан көшесіндегі «Ласточка» шағын маркеті мен Әуезов даңғылындағы «Әуезов павильоны» дүкеніне тексеру жүргізді. Айта кету керек, заңнамада азық-түлік өнімдерінің әлеуметтік түрлеріне қосылатын шекті сауда үстемесінің мөлшері он бес пайыздан аспауы керек деп белгіленген. Мамандар аталмыш дүкендерде дәл осы талаптың қаншалықты дәрежеде сақталғанын тексерген еді. Нәтижесінді жекелеген сатушылардың жоғарыда көрсетілген үстемені белгіленген мөлшерен асырып жібергені анықталды. Рейд барысында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі:
1. Бірінші сұрыпты ұн
2. Нан
3. Рожки
4. Қарақұмық жармасы
5. Күріш
6. Картоп
7. Сәбіз
8. Пияз
9. Қырыққабат
10. Қант-құмшекер
11. Күнбағыс майы
12. Сиыр еті
13. Тауық еті
14. Пастерленген сүт (майлылығы 2,5%)
15. Айран (майлылығы 2,5%)
16. Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%)
17. Жұмыртқа (I санат)
18. Ас тұзы («Экстра»-дан басқа")
19. Сүзбе: (майлылығы 5-9%)