KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Соғыс ардагері сайлауға барудың маңыздылығы туралы айтты

10.01.2021, 09:18 300
Бүгін Өскеменде халық таңертеңнен сайлауға ағылуда. 

Соғыс ардагері Кравченко Михаил Матвеевич те сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. 

«Сайлауға мен үнемі қатысамын. Болашақтан, әрине, тек жақсылық, тыныштық пен бейбітшілік күтемін», - дейді ардагер.

Қарияның айтуынша, дауыс беру ол - мемлекеттің болашағына өз үлесіңді қосу. Сіздің дауысыңыз - сіздің өміріңіз.

Айта кетсек, Михаил Кравченко 2-ші Прибалтика майданының құрамында Рига қаласын аза етуге қатысты. Соғыстан кейін Томск қаласындағы политехникалық институтына оқуға түсті. 1954 жылы Қиыр Шығысқа геолог болып жұмыс істеуге аттанды. 1960 жылы Өскеменге көшіп келіп, геологиялық басқармада қызмет етті. 1976 жылы зейнетке шықты, бірақ әлі де Алтай геология-экологиялық институтында аға ғылыми қызметкер болып қызметін жалғастыруда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив