KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Күршімнен құжатсыз балық тасыған адам жауапқа тартылатын болды

27.12.2020, 10:50 203

Азаматқа қатысты материал оны 389-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аумақтық балық инспекциясына жіберілді.  Онда тасымалданатын жүк үшін тиісті құжаттар болмаған, деп хабарлайды  YK-news.kz.


Облыс орталығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Іс-шара барысында «ГАЗ-3302» көліктегі Өскемен қаласының тұрғынының бір тоннадан астам балық алып келе жатқаны белгілі болды. Тексеру кезінде оның  жүк тасымалдауға арналған құжаттары жоқтығы анықталды.

Көліктегі балықтың жалпы салмағы 1182 килограмды болды. Ер адамның айтуынша, ол балықты Күршімнен «жеке пайдалануы үшін» сатып алған, – деп хабарлады Өскемен полиция басқармасының баспасөз қызметі.


Бақ кз


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу