KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, В
488.91 532.62 5

Глубокое ауданында славян мәдениеті фестивалі өтті

19.11.2020, 12:23 210

Онлайн-жобаға вокалдық және би ұжымдарының өкілдері, солистер – ұзын саны 150-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Апта бойы онлайн-алаңдарда және әлеуметтік желілерде көрермендер түрлі жанрдағы бейнероликтерді көріп, пікір қалдырып, ұнаған бейнежазбаларды желілес достарымен бөлісіп жатты.

Қазылар алқасы халықтың берген дауысын ескере отырып «Жеке ән салу» номинациясы бойынша бірінші орынға Елизавета Қайырбекова (Глубокое кенті), екінші орынға Вера Крыгина (Черемшанка ауылы), үшінші орынға Кристина Уварова (Черемшанка ауылы) лайық деп таныды.

«Вокалдық ұжым» номинациясында бірінші орынды Секисовка атынан сынға түскен «Весняночка», екінші орынды Прапорщиковоның «Рябинушкасы», үшінші орынды «Тәжірибе алаңы» ауылының ұжымы «Капелла» жеңіп алды.

«Халық дәстүрлерін сақтау» номинациясы бойынша фестивальдің бас жүлдесін Предгорное ауылының «Товарки» ұжымы иеленді. «Бобровские росы» тобы «Фольклор» номинациясында бірінші орынға шықты.

– Барлық шығармашылық ұжымдардың жетекшілеріне және солистерге көп рахмет айтқым келеді, - дейді қазылар алқасының мүшесі, Черемшанка ауылдық мәдениет үйінің директоры Елена Бабина. – Тіпті қатысушылар қашықтан сайысқа түссе де, үлкен жауапкершілік танытып, жақсы өнер көрсетті. Бұл нағыз онлайн-мереке болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив