Спортпен шұғылдану сәнге айналуы тиіс – Тимур Оразов
Бұл індет әрбір адам үшін иммунитеттің маңыздылығын айқын көрсетіп берді. Қазіргі кезеңде санитарлық талаптарды сақтау, үнемі маска тағып жүру өте маңызды. Мұны әрқайсымыз түсінуге тиіспіз. Сондай-ақ баршаңызды спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Бұл тұрғыда тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған деуге болады. Қазір әрбір үйдің ауласында спорт алаңдары бар. Спортпен биік мақсаттарға жету үшін де, тек салауатты өмір сүру үшін де айналысуға болады. Жалпы жастарды құр бос жүруге әуестіктен алып шығу керек. Бұл үшін мемлекет тарапынан да тиісті шаралар жасалып жатыр. Қоғам үшін спортпен шұғылдану сәнге айналуы тиіс. Сонда ғана дені сау, рухы мықты ұлт болып қалыптасамыз.
«ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕМЕС СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША
БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ»
КММ ДИРЕКТОРЫ ТИМУР ОРАЗОВ.