KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

ШҚО әкімі Самар ауданын дамыту жоспарын 10 күн ішінде аяқтауды тапсырды

18.11.2023, 10:10 2 028 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Самар ауданының тұрғындарымен кездесті

Самар ауданы бойынша аудан бюджеті өткен жылға қарағанда 2 есеге (2022 жылы 2,3 млрд теңге) артып, 4,4 млрд теңгеге бекітілді.

Көкжота ауылындағы аудандық аурухана мен медициналық пунктке жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы аудиологиялық жабдық пен кардиотокограф сатып алу жоспарланған.

10 мектеп, су құбыры және су жинау станциясының құрылысы жоспарланған.

Мобильді интернетті жақсарту бойынша жұмыс жалғасады. Аудан аумағының 77%-ы интернетпен қамтылған, таяу жылдары елді мекендерді кеңжолақты интернетпен 100% қамтамасыз ету жоспарланған.

Алтай, Катонқарағай, Самар аудандары мен Риддер қаласының туристік аймақтарын сапалы түрлендіріп, жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы туристік аймақты кеңейту - Самар ауданын дамытудағы басым бағыт, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.

Самар ауданы Шығыс Қазақстандағы жағажай туризмінің негізгі аймақтарының бірі болып табылады. Жағалаудың (туристік аймақтың) тартымдылығын арттыру, инфрақұрылым құру, абаттандыру, инвестиция тарту жоспарланған.

Аудан әкімінің алдына 10 күн ішінде Бұқтырма су қоймасы жағалауында туризмді дамыту жөніндегі жеке бөлім ескеріліп, Самар ауданын дамытудың кешенді жоспарын пысықтау және бекітуге енгізу міндетін қойып отырмын. Сондай-ақ, ағымдағы жылыту маусымының үздіксіз өтуі қамтамасыз етілсін. Әлеуметтік нысандардағы жылу режиміне, көмір қорының болуына, қысқы жағдайда жолдарды уақтылы тазартуға ерекше назар аударылсын, - деп тапсырды аймақ басшысы.

Самар ауданының тұрғындарымен кездесу барысында облыс әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, азаматтарды жеке қабылдады.

Сондай-ақ, ауданның шаруа қожалықтары мен әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандарын аралап көрді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив