KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Самарда 2017-де басталған құбыр жөндеу жұмыстары әлі бітпеген

Фото: Шығыс ақпарат

26.06.2023, 18:13 285

2017 жылдың қазанында ШҚО-ға қарасты Самар ауылында су құбырын жөндеу жұмыстары басталған. Ауылдағы жөндеу жұмыстары бүгінге дейін аяқталмаған.

Бұл туралы Самар ауданы әкімінің орынбасары Дамир Ордаханов Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Дерекке сүйенсек, 2017 жылы қазанда Самар ауылында басталған су құбыры желілерін жөндеу жұмыстарын жалғастыру үшін биыл 693,9 млн теңге бөлінген. Әкімдік өкілі жұмыс бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатқанын және оны биылғы желтоқсан айында бітіру жоспарланғанын атап өтті. Сонымен қатар 8 елді мекендегі сумен қамту нысандарын жөндеуге биыл 90 млн теңге бөлінген.

Одан өзге, Самар ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жолдарды орташа жөндеуге 247 млн теңге бөлінді. Бөлінген қаржы 6,2 км жол мен, 2,2 км  тротуарды жөндеуге жұмсалған. Сонымен қатар биыл ауылдағы көшелерді жарықтандыруға аталған бағдарлама шеңберінде 47 млн теңге бөлу жоспарланған.   

Бұдан бөлек, Палатцы ауылына кірер жолды жөндеу жоспарланып, 360 млн теңге бөлу қарастырылған. Ал Қайыңды ауылында электр жүйелерін жөндеу жұмысын жүргізуге 8 млн теңге бөлінген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив