Жастарға жеңілдікпен несие алудың жай-жапсары түсіндірілді
Фото: ашық дереккөз
Облыс орталығында жастарға берілетін 2,5%-дық кредит жөнінде «Жастарға кеңес» жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.️
Бүгін арнайы мамандар жастарды несиенің негізгі шарттарымен таныстырды, деп хабарлайды, Altaynews тілшісі.
⠀✔️КРЕДИТ ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ ЖӘНЕ ОНЫ КІМДЕР АЛАДЫ?
* Несие бағдарламасына тіркелгеніне әлі 5 жыл толмаған жеке кәсібі бар, 35 жасқа толмаған жастар қатыса алады. Үміткердің жасы құжат тапсыру сәтінде ескеріледі.
* Несиенің ең жоғары сомасы – 5 млн теңге (кепіл қою міндетті).
* Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.
* Кредиттеу мерзімі мал шаруашылығына – 7 жыл, өзге кез келген мақсат үшін – 5 жыл.
✔️КРЕДИТТІ ҚАНДАЙ МАҚСАТТА АЛУҒА БОЛАДЫ?
* 2,5%-дық микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу мақсатында беріледі.
* Сала бойынша шектеу қойылмаған, яғни басым бағыттар бекітілмеген.
* Конкурстық комиссияның шешімімен үздік деп танылған жас кәсіпкерлердің бизнес-жобалары микрокредит ала алады.
📈Толық ақпарат үшін өз аймағыңыздағы @kazagro_kz филиалдарына немесе 5353 call орталығына хабарласуыңызға болады.