KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Жыл басынан бері 30 аудиторлық іс-шара өткізілді – ШҚО

Фото: depositphotos.com

24.07.2024, 12:11 327 Ержан Әбіш

ШҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының пайдаланылуына аудит жүргізу мақсатында 2024 жылдың 1 жартысында 30 аудиторлық іс-шара өткізді.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 17760,3 млн теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, 14589,5 млн теңге сомасына рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасынан 17760,3 млн теңгесі өтелуге, қалпына келтіруге және есепке алуға жатады, оның ішінде 16650,1 млн теңге немесе 94,0% бұзушылықтар жойылды.

Анықталған бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке 20 лауазымды тұлға тартылды.

Аудит нәтижелері бойынша 2,2 млн теңге сомасына айыппұл салу арқылы 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау үшін 328,7 млн теңге соммасына 1 материал жөнелтілді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу