Мемлекетке 9 айда 5 млрд теңге залал келтірілді – ШҚО аудит департаменті
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Олжас Нұқаев жыл басынан бері жүргізілген тексерулер қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Үстіміздегі жылдың 9 айында 134 аудиторлық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 17,9 миллиард теңге бойынша заңнама бұзушылықтары тіркелді. Мемлекетке келтірілген залал 5,1 миллиард теңге. Сондай-ақ 4,3 миллиард теңге бюджетке қайтарылды. Жалпы 460 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 87 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 40,3 миллион теңге айыппұл салынды, – деді Олжас Ерғазыұлы «Antikor.Live»-тың тікелей эфирінде.
Айта кетейік, аудит департаментінің сенім телефоны – 26-43-91.