KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 10 млн тенге сомасында қаржылық бұзушылыққа жол берілген

30.07.2020, 12:06 162

2020 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ШҚО бойынша жүргізілген аудиторлық қызметтің қорытындылары жарияланды.

ҚР ҚМ ІМАК ШҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 14 620,0 млн теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін қамтумен 57 аудиторлық іс-шара өткізіліп, 10 758,3 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:

- 959,1 млн теңге – қалпына келтірілуі және қайтарылуы тиіс қаржылық бұзушылықтар;

- 9 799,2 млн теңге – рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

 Жоғарыда аталған бұзушылықтар төмендегідей жіктеледі:

Мемлекеттік аудит объектілерімен жиі жол берілетін бұзушылықтар:

- жеке карт-шотқа қаражатты негізсіз аудару (тиесілі еңбекақыдан тыс);

- орындалмаған жұмыстар/қызметтер көлемін төлеу (жұмыстар мен қызметтердің нақты орындалған көлемі болмаса да төлеу);

- мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың құқықтарына қысым жасау және негізсіз қабылдамау.

Қабылданған ден қою шараларымен 364,2 млн теңге бюджет кірісіне ақшалай қайтарылып, активтермен қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, Департаментпен 3,5 млн теңгеге айыппұл салумен 20 лауазымды тұлғаға 30 әкімшілік іс қозғалды. Бұдан басқа, 32 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

3,9 млн теңгеге лауазымды тұлғалардың іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 4 материал құқық қорғау органдарына берілді.

Департаментпен бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу