KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қаржылық есептілік аудитінің алғашқы нәтижелері туралы

30.05.2019, 05:50 188

ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық есептілік туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңының 14 бабының 1 тармағына сәйкес, Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді.

Аудитті ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген, қаржылық есептілік аудитінің рәсімдік стандарттарына қатаң сәйкестікте іске асырылады. Қаржылық есептілік аудитінің негізгі мақсаты –бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің анықтығына негізделген растауды алу болып табылады.

2018 жылдың IV тоқсанынан бастап ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) қаржылық есептілік аудитін жүргізуге кірісті. Тексерумен ҚР Денсаулық сақтау және Қорғаныс Министрліктерінің Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан, ведомтволық бағыныстағы мекемелері қамтылды.

Департаментпен жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде, келесі бұзушылықтар анықталды:

1) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде жалпы сомасы 6,2 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:

-- " ҚР ДМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» РММ –де 3,5 млн.теңгеге (пайдаланылмаған негізгі құралдарға негізсіз (жасанды) тозу есептелген, сонымен қатар, өнім берушілердің алдындағы берешек жасырылған);

-- «ҚР ДМ Фармация комитетінің ШҚО бойынша Департаменті» РММ-де 2,7 млн.теңге сомасына (қызметкерлерге іссапар шығындарына аударылған сомаларды жасыру, қорларды қатардан шығару бойынша бұзушылықтар орын алған).

2) ҚР Қорғаныс министрлігінің 7 ведомстволық бағыныстағы мекемелерінде жалпы сомасы 392,7 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, сонымен қатар, 108,1 млн.теңге сомасында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды (қызметкерлердің, өнім берушілердің алдандағы берешекті жасыру, пайдаланылмаған еңбек демалыстары бойынша резервтің болмауы, қызметкерлердің іссапар шығыстары бойынша берешектерін заңсыз есептен шығару, негізгі құралдарды қорларға негізсіз аудару орын алған).

Ағымдағы 2019 жылы Зайсан ауданының жергілікті атқарушы органдарының шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізілген.

Аудит нәтижесінде, Зайсан ауданының 21 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен, тек 4 бюджеттік бағдарлама әкімшісін қамтығанның өзінде жалпы

сомасы 9,5 млрд.теңгеге шоғырландырылған қаржылық есептілікті бұрмалау түріндегі қаржылық бұзушылықтар анықталды. Жапы сомасы 9,5 млрд.теңгеге анықталған қаржылық бұзушылықтардың кесімінен, 6,0 млрд.теңге мөлшерінде есеп бойынша қалпына келтіруге жатады, 3,5 млрд.теңге сомасындағы бұзушылықтар – рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Аудит барысында қабылданған шаралармен, осы 6,0 млрд.теңге сомасы сәйкестікке келтірілді және есеп бойынша қалпына келтірілді.

Анықталған бұзушылықтар сомасы ауданның шоғырландырылған қаржылық есептілігіне елеулі әсерін тигізген.

Анықталған бұзушылықтардың негізгі үлесі келесілерге жатады, яғни, 1,3 млрд.теңге сомасында алынған несиелер бойынша ұзақмерзімді қаржылық міндеттемелердің болуы көрсетілмеуі, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталын толықтыруға тапсырылған, негізгі құралдарды есептен шығару, мердігерлердің алдындағы берешектің есеп бойынша көрсетілмеуі (25 млн.теңе), құрылыс-монтаждау жұмыстарымен байланысты шығындардың «Аяқталмаған құрылыс» шотына енгізілмеуі (2,6 млрд.теңге), «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» бөлімі бойынша есептің болмауы (кейіннен жекешелендірумен, жалдамалы тұрғын үйлер ретінде беру үшін салынған үйлер бар (2,2 млрд.теңге)).

Жоғарыда аталғандардың барлығы, соңғы нәтижеде, теріс қаржылық нәтижеге әкелген.

Аудитпен анықталған бұзушылықтардың негізгі себептері, ауданның бөлім басшыларының тарапынан жұмысты дұрыс ұйымдастыру және тиісінше бақылау жасаудың болмауы, бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйеге көшпеуі, аудит объектілері бухгалтерлерінің біліктіліктерінің жеткіліксіздігі, кадрлардың жиі ауысуы, ішкі бақылау жүйесінің әлсіреуі, қызметкерлермен Қазақстан Республикасының бюджет және басқа да заң талаптарының сақталмауы болып табылады.

Бухгалтерлік есеп жүргізуді бұзу және есеп жүргізуден жалтару, қаржылық есепттіліктің бұрмаланғаны үшін аудит объектісінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы жұмыста бұзушылықтарға жол бермеу, Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтау бойынша нұсқама жіберілді.

Облыстың тек бір ауданына тексеру жүргізу ауданның экономикасы мен қаржы саласына жетекшілік ететін лауазымды тұлғалардың да, бухгалтерлерінің де біліктілігінің төмендігінен, бухгалтерлік есеп жүргізуде проблеманың бар екенін көрсетті.

Департаментпен осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу