Мемлекеттік аудит объектілері заң нормаларын сақтауға тиіс
Фото: depositphotos.com
Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы анықталған қаржылық бұзушылықтар туралы кәсіпкерлік субъектілерін және мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары мүдделерін қозғаған өзге де тұлғаларды хабардар етуге міндетті.
ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті бірыңғай құқық қолдану тәжірибесі мақсатында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңның 37-бабы 2-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы анықталған қаржылық бұзушылықтар туралы кәсіпкерлік субъектілерін және мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары мүдделерін қозғаған өзге де тұлғаларды хабардар етуге міндетті екенін жеткізді.
Сонымен қатар қаржы министрінің 19.03.2018 жылғы №392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары қаржы министрінің 18.09.2023 жылғы №989 бұйрығына сәйкес 101-1-тармақпен төмендегідей толықтырылған:
«Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы аудиторлық есепті алған күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде анықталған қаржылық бұзушылықтар туралы кәсіпкерлік субъектілерін және мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары мүдделерін қозғаған өзге де тұлғаларды ақпараттық жүйелер және/немесе электрондық почта, сондай-ақ почта байланысы арқылы жазбаша түрде хабардар етеді.
Апелляциялық комиссияға қарсылық берген кезде мемлекеттік аудит объектісі кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың аудиторлық есепке және/немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке ескертулерін ескереді».
Осыған байланысты мемлекеттік аудит объектілері заңның және қағидалардың жоғарыда көрсетілген нормаларын сақтауы қажет.